Сенім білдірілген өкілдер Президенттікке үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховты қолдау бойынша Павлодар облысы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.
30 мамыр күні кандидаттың сенімді өкілдері Баянауыл ауданының білім беру мекемелерінде үгіт-насихат кітапшалары мен флаерлер таратты.
Кандидат өкілдері жиналғандарды кандидаттың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды, онда кәсіподақ платформасында көрсетілген негізгі бағыттар: еңбек жағдайларын, еңбек құқықтарын және әлеуметтік мәселелерді жақсартуға бағытталған нақты іс-шаралар жиынтығы ұсынылды.
Кездесуге қатысушылар бастамалар туралы оң пікірлерімен бөлісті және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.С. Таспиховтың сайлауалды бағдарламасын қолдады.
Сөз соңында сенім білдірілген өкілдер баршаны Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуға шақырды.