Тараз қаласындағы «Бином» кәсіпорнында Президент сайлауына кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі А.Наурызбаев еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кәсіподақтардан кандидат А.Таспиховтың тұғырнамасында көтерілген мәселелер еңбек ұжымының талқысына түсті. Сенімді өкіл осы мәселелердің бүгінгі таңда қаншалықты өзекті екеніне тоқталып, еңбек адамдарымен пікір алмасты.
Еңбеккердің мүддесі көтерілген сайлауалды тұғырнама көпшіліктің көңілінен шықты. Үгіт-насихат материалдары таратылып отырды.