Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің үгіт-насихат жүргізу науқанының үшінші соңғы аптасы басталды. Қызылордалық кәсіподақтар науқанның мәре сызығына жетелеген аптада екпінді жұмыс жасап, үгіт насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бүгін Кәсіподақтардан кандидат Аманкелді Таспиховтың Қызылордалық сенімді өкілдері мен 20 жастан құралған белсенділер тобы бүгін қалалық орталық саябақта үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай қаланың орталық саябағында халық көптеп жиналды.
Балалардың жарқын болашағы үшін ел Президенті сайлауы ашық та әділ өтеді деген сеніммен сайлауда әрбір азамат өз таңдауын жасайды. Мерекелік серуендегі ата-аналар арасында А.Таспиховтың сенімді өкілдері кәсіподақтар жүйесінің жұмысы жайлы түсіндірмелер жасап, Президенттікке кандидат ұсынудағы мақсаттарын жеткізді. Кандидаттың тұғырнамасындағы көтерілген еңбек –әлеуметтік қатынастар мәселелері туралы әңгімелеп, сайлаушыларды 9 маусым күні сайлауға белсенді қатысуға, кәсіподақтар кандидаты А.Таспиховқа дауыс беруге шақырды. Белсенді жастар тобы үгіт-насихат баспа материалдарын көптеп таратты. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) Қызылордадағы бақылаушысы Моника Джамбонини үгіт тобымен кездесіп, жүргізіліп жатқан үгіт жұмыстарына куә болды. Бүгін кешкісін үгіт тобымен орталық саябақтағы үгіт жұмыстары жалғасын табатын болады.