1 маусымда Қызылорда облысы Арал аудандық аурухана ұжымында ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілдері үгіт жұмыстарын жүргізді.
Ұжым мүшелері саяси аламанға түскен кәсіподақтар кандидаты А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен танысты. Тұғырнамадағы медицина саласы қызметкерлерін толғандыратын сала қызметкерлерінің еңбекақысы туралы, сапалы тегін білім алу, қажетті мамандар даярлау мәселелелері еңбек ұжымының ерекше қолдауына ие болды.
Аурухана ұжымы әрбір маманның әлеуметтік-еңбек мүдделерінің ұлғаюы, салада маман тапшылығының жойылуы арқылы еңбек өнімділігін арттырып, халыққа сапалы қызмет көрсетілетіне, жемісті еңбек жасалатынына сенімді.