Бүгін, Жамбыл ауданындағы Орман шарушылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы еңбек ұжымында Кәсіподақтар Федерациясынан Президент сайлауына кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облысындағы сенімді өкілі Н.Маликов үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Кездесу барысында сенімді өкіл А. Таспиховтың өмірбаяны мен еңбек жолын баяндай келе, сайлауалды тұғырнамасын толықтай түсіндірді.
Кәсіподақтар тарапынан сайлауға түскендіктен А.Таспиховтың бағдарламасындағы өзекті мәселе – қарапайым еңбек адамына деген қамқорлық екенін баса айтқан сенімді өкіл алдағы сайлауда, тугелдей қатысуға шақырды. Кездесу барысында үгіт-насихат материалдары таратылды.