Кент тұрғындары​ арасында үгіт-насихат жүруде

А.Таспиховтың сенім білдірген адамдары қатарында Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы №70 мектептің қызметкері Бекенов Қайрат Тілеубергенұлы бар. Кәсіподақтар қозғалысының қоғамдағы маңыздылығына сенімді Қ.Бекенов Әйтеке би кенті тұрғындары арасында кандидаттың тұғырнамасының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Аудан орталығындағы №70 орта мектепте кент тұрғындарының бір тобымен кездесу өткізген сенімді өкіл сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кәсіподақтардан ұсынылған кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша қойылған сұрақтардың басымы жұмыссыздық мәселесі, жастардың тегін білім алуы, жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері болды.