Сенімді өкіл әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті

Бүгін 3 маусымда ҚР Президенттігіне кандидат А.С.Таспиховтың сенімді өкілі К.М.Сапожникова Тараздағы №5 арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге 120 адам қатысты.

Сенімді өкіл ұжым мүшелерін А.Таспиховтың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Сондай-ақ еңбек заңнамасы нормаларын, жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін, еңбекті қорғау ережелерін сақтаудың және жеке еңбек шарттарын жасасудың маңыздылығын түсіндірді.

Кездесу соңында К. Сапожникова алдағы сайлауда азаматтық белсенділік танытуға шақырды және үгіт материалдарын таратты.