АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР А.ТАСПИХОВТЫ ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін, 4 маусым күні ҚР кәсіподақтар Федерациясынан ұсынылған ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Маңғыстау аймақтық қоғамдық штабының үгіт-насихат жұмыстары аясында үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілдері Ақтау қалалық №1 емханасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аймақтық қоғамдық штаб жетекшісі, үміткердің сенімді өкілі Киікбай Мыңбайұлы Жаулин жиынға қатысушыларды А.Таспиховтың өмірбаянымен, сайлау алды тұғырнамасымен таныстырып, үміткердің халық игілігі үшін жасаған қызметтері туралы баяндады. Жиынға катысқан ақ халатты еңбек ұжымы үміткер тұғырнамасындағы еңбек қатынастары жөніндегі қойылған талаптарды қолдап, пікірлерін білдірді.

К.М.Жаулин: «Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық.Соның бірі – дәрігерлер. Оларды ақ желекті абзал жандар, адам жанының арашасы» -деп, білім мен мейірімділікті ұштастыра білген, адам жанының арашасы болып жүрген жандарға алғысын білдіріп, емхана қызметкерлеріне алдағы сайлаудың маңыздылығымен азаматтық ұстанымды көрсету қажеттілігі туралы сөз қозғап, барлығынан ҚР Президенттігінің кезектен тыс сайлауына қатысуды сұрады. Кездесуге 60-қа жуық медицина қызметкерлері қатынасты және үгіт-насихат материалдары таратылды.