2019 жылдың 1 маусымында А.Таспиховтың сенімді өкілі, білім және ғылым қызметкерлерінің Қызылорда қалалық ұйымы төрайымы Орынша Міржақыпқызы Әлімбетова қала бойынша кандидаттың сенім білдірген бірқатар байқаушыларымен кездесті.
Кездесу барысында Орынша Міржақыпқызы байқаушыларға алдағы сайлау күнгі жауапкершілікті жұмыс туралы айтып, оның негізгі ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, белгіленген учаскелер бойынша тізбе пысықталып, сұрақтар талқыланды.