ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы сенімді өкілі Аманжол Алдажаров аудан орталығындағы статистика, қазынашылық, кірістер бөлімдері қызметкерлерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер барысында А.Алдажаров кәсіподақтар атынан ел Президенттігіне кандидат ұсынылуы мақсаты мен қоғамдағы кәсіподақтар қозғалысының ролін баяндап, негізгі жұмыс қағидаттарына бағытталған кандидат тұғырнамасын таныстырды. Кездесуге қатысқан мамандар тұғырнамада көтерілген еңбек заңнамалары, еңбек миграциясын реттеу, жастардың сапалы және тегін білім алуы басымдылықтары туралы оң пікірлерін білдірді.