Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Алматы облысы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Нұрымбетов өңірдегі штаб мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында үгіт-насихат жұмыстарын әлі де жандандырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру, кәсіподақтар жайлы мүмкіндігінше кеңінен еңбек ұжымдары арасында мағлұматтар беру қажеттігін айтты.