КӘСІПОДАҚ ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕККЕРДІҢ ЖАҚТАУШЫСЫ

Үгіт-насихат науқаны қыза түскен шақта шымкенттік белсенділердің жұмысы тіпті қарқын ала түсті. Бүгін Шымкент қаласының Алматы-Ташкент және Бәйдібек би даңғылы қиылысында орналасқан «Арай мұнай» жанар-жағар май бекетінің кеңсе қызметкерлерімен және жұмысшыларымен кездесу өтті.

Жиынға жалпы 25 адам қатысты. Айта кетейік, мекемеде 30 адам жұмыс жасайды, оның ішінде 3 кеңсе қызметкері, 2 учаске басшы, 25 жұмысшы. Кездесуді мекеме басшысы Бейсеуов Әбдіғаппар Әшетұлы ашып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың бағдарламасымен таныстыру үшін «Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, штаб төрағасының орынбасары, үміткердің сенімді өкілі Әуесханов Серік Елемесұлына сөз берді.

Серік Елемесұлы Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың өмірбаянымен, сайлауалды тұғырнамасымен танысып, азаматтарды сайлауға белсене қатысуға беруге шақырды. Кандидаттың сенімді өкілі үміткердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау, жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру, ұжымдық шарт жасасу сынды қоғамда маңызға ие мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Үгіт-насихат тобы жиналған азаматтарға сайлаудың маңыздылығын түсіндіріп, саяси додада белсенді болуға шақырды. Кездесуге келгендер штаб мүшелеріне сұрақ қойып, тұшымды жауап алды.