2019 жылдың 4 маусым күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың БҚО бойынша Өңірлік штабының үгіт-насихат жұмыстары шеңберінде Орал арматура зауыты жұмысшыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында өңірлік штаб басшысы, кандидаттың сенімді өкілі А.Есекенова А.Таспиховтың өмірбаянымен, сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, алдағы сайлауға жаппай қатысып, азаматтық белсенділік көрсетуге шақырды.
Жиынға қатысушылар кандидаттың тұғырнамасында көтерілген еңбек адамының құқы мен мүддесі үшін, кез келген еңбек адамына лайықты еңбек ақы төленуі, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау жөнінде айқындалған қадамдардың өзекті екендігі жайлы пікірлерін білдірді, үміткердің сайлауалды тұғырнамасына қолдау білдірді. Жиынға қатысушыларға үгіт-насихат материалдары таратылды.