Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың Республикалық қоғамдық штабында болды

Атақты қазақстандық спортшыны ҚР Кәсіподақтар Федерациясынан Президенттікке үміткер Аманкелді Таспихов пен Республикалық қоғамдық штаб басшысының орынбасары Мирболат Жақыпов қарсы алды.

Кездесу барысында Президенттікке үміткер мен Олимпиада чемпионы үлкен спорт туралы пікір алмасып, бір– бірімен өмірлік ұстанымдарымен, болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті және “жеңгің келсе – барлық жеңістердің қажырлы еңбек арқылы берілетініне дайын бол” деген бірыңғай көзқарасты білдірді.

Мұндай өмірлік ұстанымды қазақстандық жас спортшы кәсіби бокста, сондай-ақ Президенттікке үміткер Аманкелді Таспихов алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді барынша жүзеге асыра отырып ұстанады.

Олар екеуі де Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының тумалары, екеуі де өмірлік жолдарында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Жас спортшы Данияр Елеусінов бүгінде Қазақстанның спорттық жетістіктерін арттыра отырып, ең танымал әлемдік ареналардың тұғырын бағындырып келеді.

27 жастағы боксшының қоржынында жеті шайқастан жеті жеңіс бар.  Жеті жекпе-жектің төртеуі АҚШ-та, екеуі-Ұлыбританияда, біреуін Монакода алды.

Заңнамалық және атқарушы биліктің тармақтарында басшылық жұмыс тәжірибесі мол Президент сайлауына үміткер Аманкелді Таспихов бүгінде еңбекшілердің мүдделерін қорғап, кәсіподақ қатарында еңбек етуде.

Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныса отырып, спортшы кәсіподақтың көптеген құндылықтарының кәсіби бокста, соның ішінде қауіпсіздік техникасын сақтау, команда мүшелерімен ұжымдық еңбек шартын жасау және т. б. мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында батыстың шалғай көрші ауылдарында туған жерлестер –  президенттікке үміткер Аманкелді Таспихов пен Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов  бір-біріне сәттілік пен жеңіс тіледі.