Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық аймақтық штабы мүшелері өңірдің ең шалғай жатқан ауданы Жетісай ауданына ат басын бұрды.
Халқы тығыз орналасқан, еліміздің демографиясына айтарлықтай үлес қосып отырған аудан халқының бүгінде күнкөрісі – егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы. Жергілікті нарықты айтпағанда, Ресейдің Новосібір, Омбы қалаларына түрлі жеміс-жидек, көкөніс түрлерін экспорттайтын аудан жұртшылығы еңбекқорлығымен, іскерлігімен ерекшеленеді. Белсенділер бүгін ырысы мен берекесін қара жұмыс пен қызу еңбектен тауып отырған осынау мырзашөлдік тұрғындармен қауышты.
Жетісай аудандық Мәдениет үйінде мұғалімдерден мен мемлекекеттік қызметкерлер, аудандық жастар орталығының мамандарынан құралған 100 адамның басын қосып, сайлауалды шарасын ұйымдастырды. Онда штаб басшысы Берік Бекжанов сөз сөйлеп, елімізде өтетін Президент сайлауының маңыздылығын, ерекелешіктерін түсіндірді. Көпшілікті саяси додада белсенді болып, ең жоғары лауазымға үміткер іріктеуде жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Кандидат А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырған Берік Айдарбекұлы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау, жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру, ұжымдық шарт жасасу сынды қоғамда маңызға ие мәселелерге қатысты үміткер ұстанымдарын жеткізді.Тұғырнамаға сүйене отырып штаб басшысы «кез келген еңбек адамы үшін оның еңбегіне лайықты ақы төленуі-негізгі шарт болып табылады, себебі осы арқылы тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен қоғамдағы жалпы әлеуметтік тұрақтылық анықталады» дей келе кандидат ұсыныстарын талдап берді. Осындай қоғам да , мемлекет те ұтатын шешімдерге қаныққан көпшілік штаб мүшелірне сұрақ қойып, тұшымды жауап алды.
Құрылыс кешені жəне ТҮКШ қызметкерлері кəсіподағының төрағасы, сенімді өкіл Абдурайра Манахов «Егемен еліміз үшін, халық қамы үшін аянбай қызмет ететін кандидатты таңдау – əрбір Қазақстан азаматының борышы» дей келе қатысушыларды жаппай дауыс беруге шақырды. Жолданған сауалдарға тыңғылықты жауап берген штаб мүшелері сайлаушы тарапынан түскен ұсыныстың кандидатқа жеткізілетіні айтып тарасты.