Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховты қолдау мақсатында ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Нұрымбетов Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында өңірдегі салалық кәсіподақтардың төрағаларымен, белсенділермен, “Келешек жастар кеңесінің мүшелерімен, еріктілермен, БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Қатысып отырғандардың ішінде дәрігерлер, ұстаздар, тау-кен өндірісі, энергетика, тұрғын үй, мәдениет, спорт, пошта қызметкерлері болды.
Кездесу барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан ұсынылған кандидаттың өмірбаянымен, сайлауалды бағдарламасымен таныстырылды. Сондай-ақ
кәсіподақтардың қазіргі таңдағы қоғамдағы орны, жауапсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру, лайықты еңбекақы, қауіпсіз еңбек жағдайы, жұмысшылардың еңбек құқын қамтамасыз ету, еңбек миграциясын реттеу, сапалы және тегін білім беру бойынша кеңінен ақпарат берілді. Кездесу соңында А. Таспиховтың атынан сенімді өкілдерге Алғыс хаттар табысталды.