КӘСІПОДАҚ – ЖҰМЫСКЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРЕТІН БІРДЕН-БІР ҰЙЫМ

ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық аймақтық штабы өкілдері сайлауалды шараларын ұйымдастыруда барлық сала өкілдерін қамтуға тырысуда.

Бұл жолы белсенділер Мақтарал ауданындағы «Ауылшаруашылық техникаларының сервис орталығы» өндірістік кооперативінде болды. Бірлік ауылдық округі Қоңырат елдімекенінде орналасқан кәсіпорнында 150 адам жұмыс істейді. Мұнда арнайы мамандар аграрлық салаға қажетті түрлі техникаларды құрастырады. Бүгінде жергілікті шаруалар жер жыртып, егін салуға қажетті техникаларды сырт елдерден тасымалдамай, осынау кәсіпорынның өнімдерін игіліктеріне пайдалануда. Осылайша аграрларды ауадай қажетті құрал-саймандармен қамтып отырған мекеме жұмысшылары кәсіподақ атынан ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркелген А.Таспиховтың жақтастарымен жүздесті.

40 адамның басы қосылған жиында штаб басшысы, үміткердің сенімді өкілі Берік Бекжанов уақыт-сәті таяп келе жатқан саяси доданың ерекшелігі мен маңыздылығын жіті түсіндіріп, азаматтарды өз таңдауын жасауда сайлаушы құқын тиімді пайдалануға шақырды.

Кандидат Таспиховтың еңбек жолы мен халық үшін жасаған қамқор істерін баяндап берді. Штаб басшысы сайлаушыларды үміткердің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып шықты. Берік Айдарбекұлы Кандидаттың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау, жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру, ұжымдық шарт жасасу сынды қоғамда маңызға ие мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Кандидаттың еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау, жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру, ұжымдық шарт жасасу сынды қоғамда маңызға ие мәселелерге қатысты ұсыныстарын таныстырып шықты. Үгіт-насихат тобы жиналған азаматтарға еліміздегі ең жоғары лауазымға кандидат іріктеуде жауапты болуға шақырып, белсенділік танытуға шақырды. Кездесуге келгендер штаб мүшелеріне сұрақ қойып, тұшымды жауап алды.