ШТАБ БАСШЫСЫ БАСТАҒАН БЕЛСЕНДІЛЕР – МАҚТААРАЛДА

ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық аймақтық штабының мүшелері кезекті сайлауалды шаралар легін Мақтаарал ауданында жалғастырды. Мақтаарал аудандық Мәдениет үйінде өткен басқосуға мұғалімдерден, мемлекеттік қызметкерлерден, бюджеттік сала өкілдерінен құралған 120 адам қатысты.

Мақтаарал ауданы — Түркістан облысының қиыр оңтүстік бөлігіндегі, халқы тығыз орналасқан өңір. бөлік. Облыс аумағының 1,5 пайызын алып жатқан ауданның жер аумағы 1,8 мың шақырымды құрайды. 268,7 тұрғыны бар Мақтаарал жұртшылығының негізгі кәсібі мақталық егістіктіктер, көкөніс, жеміс-жидек өсіруде де еңбекқор халық алдына жан салмай келеді. Штаб мүшелеріне сайлау күні таяған тұста еңбек пен ырыс-берекені егіз деп білетін іскер халықпен жүздесудің сәті түсті. Сайлауалды жиныда штаб басшысы, үміткердің сенімді өкілі Берік Бекжанов алда келе жатқан Президент сайлауының маңыздылығын, ерекшелігін екшеп, көпшілікті саяи додада белсенділік танытуға шақырды.

Онымен қоса, еліміздегі ең ыңпалды ұйымның бүгінгідей нарықтық экономика дәуірінде атқарар рөлі мен қызметі туралы баяндап берді. Кәсіподақ жанынан ашылған татуластыру орталығының еңбек дауларын, жұмыскер құқын қорғаудағы қыруар еңбектерін сараптап берді. Штаб басшысы кәсіподақ атынан президенттікке үміткер ретінде тіркелген А.Таспиховтың өмірбаяны мен сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Үміткердің еңбек қауіпсіздігі, жұмыскерлерге лайықты жалақы төлеу, еңбек миграциясын реттеуге қатысты ұсыныс-пікірілерін ортаға салды. Жиында сөз кезегін алған Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағынын маманы Ержан Жанысов кәсіподақ қызметі туралы жылы пікірін білдіріп, жиналған азаматтарды сайлауда белсенді болуға сайлаушы құқын тиімді пайдалануға шақырды.

Сайлау маңыздылығын ұғынып, үміткердің сайлауалды тұғырнамасын, бағыт-бағдарымен толыққанды танысып шыққан соң сайлаушылар штаб мүшелеріне сауалдар жолдап, тұшымды жауап алып тарқасты.