Президенттікке кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері халықпен кездесуінде жалақы айырмашылығы мәселесін көтерді. Өйткені мұнайшылар мен бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығындағы айырмашылық жер мен көктей. Осы әділетсіздікке наразылығын білдірген үміткердің өзі дәрігерлер мен мұғалімдер мәртебесін көтеруді ұсынып, Үкіметке хат жолдаған еді. Осылайша ол әлеуметтік сала қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, қарапайым жұмысшылардың құқығын қорғамақ. Сонымен қатар кәсіподақтардың ықпалын арттыру керектігі де сөз болды. Бүгінде Алматы облысындағы 14 салалық кәсіподақ ұйымына 90 мың адам мүше екен. Ал аймақта 13 мыңға жуық мекеменің 75 процентінде ұжымдық келісімшарт жасалған. Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Мысалы бізде елімізде 168 мың теңге орта жалақы дейміз. Бірақ көпшілік ол жалқыға да қол жеткізе алмайды. Себебі орта есеппен болған. Көпшілігі 100 мыңның төңірегінде алады. Сондықтан да мұның жолдары бар. Бізде ең төменгі жалақы деген түсінік бар. 42 мың 500 теңгені біз едауір көбейтсек, жалақы одан жоғары өсер еді.
Дереккөз: https://astanatv.kz/kz/news/48915/