5 маусым күні Жаңақорған ауданында №125 орта мектебінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы атынан ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховты насихаттау мақсатында ұстаздармен кездесу өтті.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Райкүл Мансұрқызы А. Таспиховтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 9 маусым күні сайлауда белсенділік танытуға, кәсіподақтар кандидатын қолдауға шақырды. Кездесуге қатысқан ұстаздарға А.Таспиховтың үгіт-насихат парақшалары таратылды.