Бүгін, 7 маусымда Президенттікке үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілі, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облысы филиалының төрағасы Асылхан Абылайханұлы Төратам амбулаториялық емханасы ұжымымен кездесті.
Кездесу аясында А.Абылайханұлы ҚР Президенттігіне кәсіподақтардан ұсынылған кандидат А.Таспиховтың өмірбаяны және сайлауалды тұғырнамасымен қызметкерлерді таныстырды. Ұжым мүшелері кандидаттың тұғырнамасында көтерілген еңбек қатынастары мәселелерін өзекті деп санайтындары туралы ойларын жеткізді. Кездесуге 20 медицина қызметкерлері қатысып, үгіт насихат материалдарын алды.