Бүгін, 7 маусымда ҚР Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың Қызылорда облысы бойынша өңірлік штаб басшысының орынбасары Марат Бәйімбетов Шиелі ауданындағы «Волковгеология» акционерлік қоғамының «Оңтүстік ВГ» №23 экспедициясы жұмыскерлерімен кездесті.
Кәсіпорында жалпы 800-ден астам жұмыскер жұмыс жасайды, оның 650 кәсіподақ мүшелері болып табылады.
Кездесуде Марат Бәйімбетов ұжымды кәсіподақтардан ҚР Президенттігіне ұсынылған кандидат Амангелді Таспиховтың өмірбаяны мен тұғырнамасымен таныстырды. Тұғырнамадағы еңбек қатынастары мәселелері түсіндірілді. Уран өндіруші кәсіпорын бас директоры орынбасары Скавернюк Василий Яковлевич кәсіподақтардан ұсынылған кандидат Таспиховтың сайлауалды тұғыранамасы турасында оң пікірін білдіріп, кәсіподақтарға сәттілік тіледі.
Еңбек ұжымы алдағы жексенбі, 9 маусым күнгі сайлауда белсенділік танытуға, кәсіподақтар кандидатын қолдауға шақырылды. Кездесуге қатысқан 40- тан аса жұмыскерлерге А.Таспиховтың үгіт-насихат парақшалары таратылды