АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТТЫҢ СОҢҒЫ КҮНІНІҢ ҚЫЗҒАН КЕЗІ ӨТУДЕ

Бүгін, Ақтөбеде және оның аудандарында үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері өз күштерін жұмылдырып, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясынан ұсынылған кандитатқа дауыс беруге шақырып жатыр.

Сенімді өкілдер еңбек ұжымдары мен қала және ауыл тұрғындарымен және жақтаушылармен кездесіп, оларды сайлау учаскілеріне келіп, Аманкелді Таспиховқа дауыс беруге шақырып, күні бойы кандидаттың бағдарламасы мен парақшалары таратылып, халықпен сөйлесу жұмыстары жүргізілуде.

Үгіт насихат жұмыстар кезінде қарапайым халық пен жұмысшылар сайлау учаскілеріне барып, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясынан ұсынылып отырған Аманкелді Таспиховқа дауыс беру туралы жақсы пікірлерін білдірді.