ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспихов жақтастары сайлауалды кездеулер легін жалғастыруда. Бұл жолғы басқосу Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті қызметкерлерімен кездесу өтті.
Жиынға 55 адам қатысты. Университеттің құрамына Әлеуметтік-педагогикалық институт, Академиялық инновациялық институт және Ақпарататтандыру-жаратылыстану институты кіреді. Университет бүгінгі таңда 36 мамандық бойынша бакалавр, 21 мамандық бойынша магистр дайындайды. Университет құрамында 7 факультет және 16 кафедра жұмыс жасайды. Педагогтар құрамында: 26 ғылым докторы мен профессорлар, 190 ғылым кандидаттары мен доценттер, 210 магистр-оқытушы қызмет атқарады.
Кездесу жиынын директордың оқу-әдістемелік және ғылыми-зарттеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Мусабек Ақылбеков ашып берді. «Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, штаб төрағасының орынбасары, үміткердің сенімді өкілі Серік Әуесханов алдағы сайлаудың маңыздылығын түсіндіріп, азаматтарды сайлауға белсене қатысуға шақырды.
Серік Әуесханов Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың өмірбаянымен, сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Онымен қоса үміткердің ішкі және сыртқы миграция туралы ой-пікірлерін талқылады. Тұғырнамада айтылғандай кез-келген жұмыскер үшін оның еңбегіне лайықты ақы төленуі-негізгі шарт болып табылады. «Себебі осы арқылы тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен қоғамдағы жалпы әлеуметтік тұрақтылық анықталады» дей келе сенімді өкіл кандидат ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ еліміздегі ең ықпалды ұйым кәсіподақтың қарапайым жұмыскер мәртебесін көтерудегі қыруар жұмыстары мен алдағы мүмкіндіктерін таратып айтып берді. Үгіт-насихат шарасына келген азаматтар штаб мүшелеріне түрлі сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды.