«Казфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар зауыты» Тараз филиалының кәсіподақтың цех комитет жетекшілері бүгін бас қосып, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасын талқыға салды.
Аталған басқосуда осы кәсіпорынның кәсіподақ ұйымының төрайымы Ю.Фролова әріптестеріне кандидат А.Таспиховтың осы сайлаудағы тұғырнамасын көпшілікке таныстырмас бұрын өмірбаянымен қысқаша таныстырып өтті. Жалпы осы президенттік сайлауға түсіп отырған кандидаттардың өз сайлауалды тұғырнамалары бар. Ал, кәсіподақтардан түскен кандидаттың тұғырнамасының негізі – қарапайым еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау деп баса айтты Ю.Фролова.
Қайнаған өндірістің қақ ортасында жүрген кәсіподақ белсенділеріне көтерілген мәселелер етене таныс болғандықтан, өз кандидаттарын бірауыздан қолдауға шешім қабылданып, өз ойларын өндірістегі әріптестеріне жеткізілетіні айтылды.