ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы қолдаушылары аудан орталығында бас қосты.
Қызылорда облысы бойынша өңірлік сайлауалды штаб басшысының орынбасары Марат Серікбайұлы Бәйімбетов сенімді өкілдер мен бақылаушыларға сайлау күнгі жұмыс тәртіптері мен заң ережелерін түсіндірді.
Марат Серікбайұлы барша сенімді өкілдер мен бақылаушыларға кәсіподақтар қағидаларына сенім білдіріп, белсенділік танытып жүргендіктері үшін алғыс айтып, сайлау күнгі жауапкершілікті жұмыс барысына сәттілік тіледі.
Шиелі ауданындағы 40 сайлау учаскесі кәсіподақтардан 76 сенімді өкілдер мен бақылаушылармен қамтылады.