Бүгін, 7 маусымда ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдерімен ғарыш қаласы Байқоңырда үгіт-насихат кездесуі өтті.
Қызылорда аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов және «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Қызылорда облысы филиалы Асылхан Абылайханұлы Байқоңыр қалалық ауруханасы ұжымымен жүздесіп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында А.Таспиховтың сенімді өкілдері аурухана қызметкерлеріне кандидаттың өмір дерегі мен еңбек жолы, сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Медицина қызметкерлері бюджеттік сала қызметкерлері еңбекақысы, сапалы білім, еңбек қауіпсіздігі мәселелері туралы өз ой пікірлерін ортаға салды.
Жер кіндігі- Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан қала Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында 1955 жылы іргетасы қаланған. Қаладағы аурухана 2016 жылы облыстық медициналық орталық филиалы болып жұмысын бастап қызмет атқаруда, қазірде 500- ге таяу қызметкер жұмыс жасайды, олардың барлығы кәсіподақ мүшелері.
Кездесуде еңбек ұжымы 9 маусымда өтетін Президент сайлауында белсенділік танытуға, кәсіподақтар кандидаты А.Таспиховты қолдауға шақырылды, үгіт материалдары таратылды.