“Қызылорда жылу электр орталығы” мемлекеттік кәсіпорнында еңбек ұжымы мен кәсіподақ ұйымы жұмыстарына қатысты жиын өтті. Жиынға Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов, облыстық құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы кәсіподағының төрағасы Серік Мырзаханов қатысты.
Жиында Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов жұмыскерлерге кәсіподақтар Федерациясының кезектен тыс ХХV съезінде қойылған кәсіподақтар қозғалысын жетілдіру бойынша міндеттері туралы ақпараттармен бөлісті. «ҚР Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филалы төрағасы Серік Мырзаханов салалық келісім шарттары мен шартта қарастырылған еңбек құқығы талаптары туралы түсіндірме жасады.
Сонымен қатар, мекеменің кәсіподақ ұйымы төрағасы Қайырбергенов Ғалымжан сөз алып, бастауыш кәсіподақ ұйымымен атқарылған жұмыстар туралы қысқаша ақпарат берды. Еңбек ұжымының кәсіподақ мүшелері еңбек қатынастары бойынша мәселелерді ортаға салып, кәсіподақ ұйының жұмыс тәртіптері, алдағы жоспарлары мен жұмыскерлердің әлеуметтік мәселелеріне қатысты атқаратын жұмыс бағыттары туралы сұрақтарына жауап алды.