Қазіргі уақытта кәсіби мемлекеттік аппаратын құру мақсаты маңызды орын алуда. Халықтың әл-ауқатын жоғарылату үрдісінде мемлекеттік қызметшінің рөлі маңызды, өйткені олар мемлекеттік реформалардың бастаушысы болып табылады. Қазіргі уақытта кәсіби мемлекеттік аппаратын құру мақсаты маңызды орын алуда. Халықтың әл-ауқатын жоғарылату үрдісінде мемлекеттік қызметшінің рөлі маңызды, өйткені олар мемлекеттік реформалардың бастаушысы болып табылады.
2013 жылы Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгертулерді енгізді, осыған орай кәсіби мерекелер күнтізбесінде Мемлекетік қызметшілер күні белгіленді. Жыл сайын 23 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі. Осы жылы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мейрамын Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханасында «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастырумен алғаш рет өтті.
Аталған іс-шараны облыстық салалық кәсіподақ филиалдың төрағасы Т.Т. Әбілмәжінов ашты. Аталған іс-шараға Степаненко Е.Ф. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы, Кәсіподақ орталығының төрағасы Нұрақаев Е.Е және облыстық салалық кәсіподақ төрағалары қатысып құттықтады.
Халқымыздың бірлік-берекесі, мемлекеттің даумына зор үлесін қосып жүрген қызметшілер «Кәсіподақ Қайраткері»- Ермохина Е.В – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бюджетті орындау және қаржы есебі қызметінің бас маманы және «Еңбек даңқы» ІІІ дәрежелі Молдашев А.Г., Мусулманбеков Д.К. төс белілерімен марапатталды. 60 -тан астам мемлекеттік қызметшілер Солтүстік Қазақстан облысының кәсіптік орталығының және салалық кәсіподақ қоғамдық бірлестіктерінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Іс-шараға жиналғандарды облыстық филормонияның әншілері ән шашумен құттықтады. Мерекенің соңында марапатталғандар кәсіподақ төрағаларымен бірлесіп естелік суретке түсті.