Шымкент қалалық кәсіподақ орталығының ғимаратына Арыс қаласының 70 астам азаматы орналастырылды. Зардап шегушілер тез арада төсек-орын, азық- түлікпен қамтамасыз етілді.
Қазір оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Орталықтың асханасында 4 мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылды. Сонымен қатар, киім-кешекпен қамтамасыз ету акциясы қолға алынды. Аудандағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарына аталған іс-шараны ұйымдастыру туралы тиісті нұсқау берілді.