Кәсіподақтар арыстықтармен бірге!

Маңғыстау облысының салалық кәсіподақтарының аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кәсіподақ орталығының төрағасы Түркістан облысының Арыс қаласында әскери қоймалардағы снарядтардың жарылуы мен жануына байланысты төтенше жағдайлар жөніндегі 2019 жылдың 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымның үндеуімен таныстырды.

Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, Салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының төрағалары үндеуді қолдап, бір күндік жалақыларын Түркістан облысының зардап шеккен тұрғындарына есеп айырысу шотына аудару туралы шешім қабылдады.