Алматы облысының кәсіподақтары арыстықтарға қолдау көрсетуде

“Алматы облысының кəсіподақтар орталығы” аумақтық кəсіподақтар орталығының «Келешек» Жастар кеңесі Түркістан облысы, Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты ҚР Кəсіподақтар федерациясының үндеуін қолдау бойынша кезектен тыс үйлестіру кеңесін өткізді.

Кеңес мүшелері Үндеуге бірауыздан қолдау білдіріп, алдағы күндері материалдық көмек көрсету бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ бастауыш кəсіподақ ұйымдарына жəне əлеуметтік əріптестерге кеңес шешімі жеткізілетін болады.