Ақтөбелік кәсіподақтар Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ұйымдастыру шараларын бастады

Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығы арнайы ұйымдастыру іс-шараларын шұғыл бастап кетті.

Бүгін, Арыс қаласындағы техногендік төтенше жайғдайға байланысты зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығының Үйлестіру кеңесінің щұғыл отырысы өткізілді.

Отырыс барысында, Кәсіподақтар Орталығының төрағасы А.Әмірғалиев аталған оқиға туралы ақпаратпен бөлісіп, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында топтасып, игілікті істі бірлесе атқаруға шақырды.

Кеңеске қатысушылар, Кәсіподақтар Орталығының төрағасының ұсынысын бір ауыздан қолдап, отырысқа қатысушы оның мүшелерінің даусымен бұл туралы хаттама қабылданды.

Ақтөбе облысының кәсіподақтары Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қаржылық көмек көрсету жұмыстарын бастап кетті.