Солтүстік Қазақстан облысында Арыста зардап шеккендерге көмек көрсету бөлімі жұмыс істеуде

“Солтүстік Қазақстан облысының кəсіподақтар Орталығы” аумақтық кəсіподақтар бірлестігі Түркістан облысы, Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты ҚР Кəсіподақтар федерациясының Үндеуін қолдау бойынша кезектен тыс Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізді.

Үйлестіру кеңесіне Орталық қызметкерлері, салалық кәсіподақтардың мүшелері, БАҚ өкілдері қатысып, Үндеуді бірауыздан қолдады. Орталық жанында Арыс қаласында зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті жинау пункті ашылды. 24 маусымнан бастап зардап шеккендерге қажетті заттарды қабылдау басталды.