«Ońtústik» телеарнасы: “КӘСІПОДАҚТАР МЕН ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ АРЫСТЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ”

Арыстан Шымкенттегі кәсіподақтар үйіне жеткізілген тұрғындарға толық жағдай жасалуда. Кәсіподақтар орталығы штаб құрып, жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созуда. Ал, ата-анасымен келген жас бүлдіршіндер үшін қуыршақ театрының әртістері өнер көрсетіп, көңілдерін аулады.

Кәсіподақтар үйіне 100-ге тарта арыстық қоныстандырылған. Олардың ең үлкені 70-ке таяған ақсақалдар. Кешегі үрейлі жағдайдан кейін көңілдері жайланған. Азаматтар қиын жағдайда қол ұшын созғандарға алғысын білдіріп отыр.

Сейсенкүл Юнусова – Арыс қаласының тұрғыны

-Бүгін балаларымызға қуыршақ театры келіп жатыр. Жақсы көмек беріліп жатыр. Халқымызға рахмет, елімізге рахмет. Кәсподақ ұжымына рахмет. 4 мезгіл тамағымызды беріп жатыр.  

 Бұл күні қуыршақ театрының 10-нан аса әртісі 40 шақты балаға өнер көрсетті. Ән салып би билеп, сыйлықтар таратты. Сөйтіп қорыққан түбі қуаныш болсын,- деген ниетін білдірді.

Берік Бекжанов –  Түркістан облысы және Шымкент қалалық кәсіподақ орталығының төрағасы

 Апат айтып келмейді. Арыс қаласындағы болған оқиғаға байланысты халықпен бірге екендігімізді көрсетіп. Кәсіподақ мүшелері осы іске бір ауыздан қосылып, осында штаб аштық. Бүгін мынау қуыршақ театры келіп осы жердегі 100 адамның жартысы балаларға қойылым қойып беріп жатыр.

 Бұл жерге жеткізілгендерге қажетті азық-түлік қоры жеткілікті. Жас аналар мен егде тартқан азамттарға дәрі-дәрмек те дер кезінде үлестірілуде. Төсек жабдықтан да таршылық жоқ. Арнайы медициналық көмек көрсетіліп, қажетті жағдайдың барлығы жасалуда.