«Жастар жылы» аясында, жастарды еңбекке баулу мақсатында «Келешек» жастар кеңесінің бір топ мүшелеріне Балл Текстиль кілем фабрикасында өндірістік саяхат ұйымдастырылды.
Белсенділер ең алдымен мекеменің өндірістік қауіпсіздік ережелерімен танысты. Фабрикадағы барлық цехтарды аралап, ондағы өндіріс циклін, жұмыс барысын көрді. Кеңес мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жабдықтар бойынша толығымен ақпарат алды.
Сонымен қатар, белсенділер «Еңбек шартын жасаңыз» атты республикалық акцияға арнайы дайындалған нұсқаулық кітапшаларды Балл Текстиль мекемесінің жұмыскерлеріне таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Айта кету керек, «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері тігін фабрикасында өндірістік практика өту жөнінде мәселе көтерді. Аталған ұсыныс кәсіпорын басшылығы тарапынан қолдауға ие болды. Алдағы уақытта, «Келешек» жастар кеңесінің жылдық жоспарына сәйкес Шымкент қаласы және Түркістан облысының ірі кәсіпорындарына өндірістік саяхат ұйысдастыру жалғасын табады.