“КЕЛЕШЕК” ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ АРЫСТА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Ел басына түскен сын мен қайғы жасқа да жасамысқа да ортақ. Арыстағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетуден белсенді жастар да құралақан емес. Түркістан облысы, Шымкент қаласы ” Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы “Келешек” жастар қанатының белсенділері бүгін Арыс қаласына барып, сенбілік ұйымдастырды.

Жойқын жаралыстан зардап шеккен баспаналардың құрылысына көмектесіп, жұмысшыларға қолғабыс жасады. Белсенді жас буын құрылыс қарқынына ат салысып, арыстықтардың қалыпты өмір сүруіне тездетіп қол жеткізуіне жәрдемдесті. Жастардың жанашырлығы мен қамқорлығы елді сүйсінтті. “Келешектiктер” алдағы уақытта да арыстықтардың жайлы өмір сүруі үшін барын салып, сенбілік шараларын ұдайы ұйымдастырады.