Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестермен мәжіліс өткізілді

18 шілдеде ​ Қызылорда облысы әкімдігінде еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестермен мәжіліс өткізілді. Мәжілістің күн тәртібінде «Ақмешіт Құрылыс Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыскерлеріне төленбеген жалақы қарызы мәселесі талқыланды. ​ Мәжіліске Облыстық еңбек саласындағы ​бақылау басқармасының басшысы ​ төрағалық етіп, мәселеге байланысты ақпарат берді.

Қазіргі таңда «Ақмешіт Құрылыс Қызылорда» ЖШС-нің 156 жұмыскерлеріне қордаланған жалақы берешегі 29,5 млн теңгені құрап отыр. Облыстық еңбек саласындағы басқармамен аталған мәселе бойынша жұмыскерлер арыз-шағымдарына сәйкес тексеру жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданған. Дегенмен, жалақы қарызы қазіргі таңға дейін жұмыс берушімен төленбей отырғандығы белгілі болып отыр.

Мәжілісте аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бәйімбетов Марат Серікбайұлы кәсіпорында орын алып отырған еңбек қарым қатынастарының шиеленісті көрінісі бұл жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек заңнамаларының орындалуына қоғамдық бақылау жасайтын кәсіподақ ұйымының болмауы салдары деген ойын жеткізді.

Мәжілісте кәсіпорынның басшысы, облыстық прокуратура өкілінің мәселеге қатысты хабарламалары тыңдалды. ​

Мәжіліс нәтижесімен аймақтағы әлеуметтік тұрақтылық мәселесіне үлкен мән бере отырып, туындаған еңбек қақтығыстарын шешу үшін нақты шаралар қабылдануы қажеттілігі айтылды, нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, мәжіліске қатысушылар және кәсіпорын басшылығымен кәсіподақтар түсіндірмелерімен ұсынылған ұсыныспен мекемеде ​ кәсіподақ ұйымын құру арқылы еңбек ​ шиеленісінің алдын алу шараларын жүйелі жүргізу мәселесі құпталып, қолдау тапты. Кәсіпорынның жалақы қарызының төленуі мәселесі облыстық кәсіподақтар орталығының қатан бақылауда ұстап орындалу жөнінде қосымша ақпарат беріледі.