КӘСІПОДАҚТАР ҚЫЗМЕТІ – КӨПШІЛІКТІҢ КӨЗ АЛДЫНДА

Бүгін Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Кәсіподақтар – еңбеккердің қорғаны» тақырыбында баспасөз-конференциясын өткізді.

Брифингке арнайы қатысқан БАҚ өкілдеріне Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген қазіргі кезде Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының атқарып жатқан жұмыстары туралы жан-жақты айтып берді. Жалпы еңбек адамының мүддесі мен заңды құқын қорғау, еңбек қауіпсіздігін сақтау, лайықты еңбекке тиісті жалақы төлеу, тұрмыс пен табысты көтеру, бағатында кәсіподақ ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстар жайлы айтып, тілшілердің сұрақтарына толық жауап берілді.

Әлеуметтік – еңбек қатынастарында реформалық өзгертер жасау – уақыт талабы. Осыған орай журналистер шағын және орта бизнесте ұжымдық шарт жасаудың барысын сұрады. Бұл сұрақтың қойылуы тегін емес. Соңғы уақыттарда облыстық кәсіподақтар бірлестігі аймақта шағын және орта бизнес субъектілерінде ұжымдық шартты жасау қаңағаттанғысыз жағдайда екеніне алаңдаушылық білдіруде. Бұл өзекті мәселе облыстың үшжақты комиссиясында қаралып, оған облыс әкімі А. Мырзахметов арнайы төрағалық ететін болады. Сондай-ақ облыстың әр ауданында ұжымдық шарт жасау мәселесі тиісті комиссияның күн тәртібіне қойылады. Басқа да мәселелер сөз болды. Журналистерді қызықтырған сұрақтар аз болған жоқ. Баспасөз-конференциясы Фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфирде таратылды.