Бүгін Тараз қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қала әкімі Қ. Досаевтың есебі тыңдалды. Биылғы жылдың 6 айында атқарылған әлеуметтік-экономикалық даму міндеттері туралы баяндама жасалды. Әсіресе, әлеуметтік сала мен бизнесті дамыту, қала мәдениеті мен көше тазалығын кеңінен талқылады.
Бюджет кірісі мен түсімі мәселесінде шағын бизнес субъектілерінде ұжымдық шарт жасаудың мәні айрықша сөз болды. Яғни, кәсіподақ ұйымдары көздеп жүрген еңбек және ұжымдық шартты жасауға ден қойылды. Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты М. Төлепберген қалалық үшжақты комиссияда әлеуметтік әріптестердің қызметін жандандыруды ұсынды.