Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов “Энергосервис” ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында М.Бәйімбетов кәсіпорында жақында құрылған кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысып, ұйымның жұмыскерлері арасында еңбек құқығын қорғау мен басшылық тарапымен келісімді жүйелі жұмыс жасау тетіктері туралы қажетті заңнамалық түсіндірмелер жасады. Өз сөзінде Марат Серікбайұлы ҚР Кәсіподақтар федерациясы ҚР Президенті Қ.Тоқаев ұсынған жұмыстардың 10 бағытын қолдай отырып, еңбек адамының әлеуметтік-еңбек жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуді басты назарда ұстап отырылғандығы жайлы атап өтті.
Жұмыскерлер тарапынан облыс кәсіподақтарына еңбек заңнамалары, кәсіподақ ұйымы жұмыс тәртіптері, жұмыскерлердің демалысын ұйымдастыру мәселелері туралы сұрақтар қойылып, түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасына Кәсіподақ федерациясының «Кәсіподақтар: теория және тәжірибе» монологиясын табыстап, “Энергосервис” ЖШС бастауыш ұйымының белсенді, жүйелі жұмысына сенім білдірілді.