Бүгін, 31 шілде күні Жамбыл облысы әкімдігінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиналысқа комиссия мүшелері, облыстық басқармалардың басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары және кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Облыстық үшжақты комиссия отырысында күн тәртібініне сәйкес, үсітіміздегі жылдың 16 мамырында өткен комиссия отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы, ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша еңбек қатынастарын реттеу барысында атқарылған жұмыстар, еңбек дауы, еңбек қауіпсіздігі, оның ішінде жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері қаралды. Сондай-ақ берілген тапсырмаларға сәйкес, бірқатар аудандық және қалалық үшжақты комиссия төрағаларының есептері тыңдалды. Сонымен қатар, әлеуметтік әріптестер арасында Жамбыл облысында өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиғаларды азайтуға бағытталған ЖОЛ КАРТАСЫ арнайы қабылданды.
Қаралған мәселеге қатысты сөз сөйлеген Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген аймақтағы шағын бизнес субъектілерінде еңбек шарттары мен ұжымдық шарт жасау мәселесін комиссияның алдағы отырысында арнайы қарауды ұсынды. Жиын соңында комиссия төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Н.Календеров нақты хаттамалық тапсырмалар беріп, отырысты қорытындылады.