Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Абай жырларын оқу эстафетасын «Теңізшевройл» бас директорына және «Келешек» жастар кеңесінің белсенділеріне жолдады

ҚРКФ басшысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челленджге қатысып, ақын шығармашылығынан үзінді оқыды.

Бақытжан Әбдірайым бұл эстафетаны профессор, мемлекеттік және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетовтан қабылдады.

«Ұлы Абайдың шығармашылығы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы, сонымен қатар, әлем әдебиетінің алтын мұрасы, дүниежүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.

Мен үшін ақын шығармашылығына арналған эстафетаға қатысу – үлкен абырой.

Ұлы ойшыл шығармашылығынан ойып тұрып орын алған еңбек, еңбексүйгіштік және әділдік мәселелері бүгінде Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының басты назарында болып отыр», – деп атап өтті Бақытжан Әбдірайым.

Өз кезегінде, ол эстафета кезегін ҚР Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің белсенді еңбекші жастарына және «Теңізшевройл» компаниясының еңбек құқықтарын сақтау, жұмысшылардың денсаулығын қорғауды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде көрсеткен әлеуметтік жауапкершілігін жоғары бағалай отырып, компанияның Бас директоры Имер Боннер ханымға жолдады.