Арыс – ұлылардың табаны тиген, рухы қалған киелі қала. Шаһардың атын асқақтатуға перзенттері елеулі үлес қосып отыр. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Жарылқасынұлы бастаған топ кент тұрғындарының жәй-күйімен танысты.
Арыс жан-жақты дамуы тиіс. Оған ел болып атсалысуда. Соның бірі ретінде Федерация төрағасы кентке кіре беріс қақпаның іргетасын қалады. Құны 30 миллион теңгені құрайтын нысан қаланың төлқұжатын сипаттайды.
Бақытжан Әбдірайымов – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы
Бұл күні ардагерлердің де көңілі жадырады. Кәсіподақ атынан бірқатар ақсақалға шипажайға жолдама берді. Игілікке ел разы.
Оразхан Арыстанбаев – Арыс қаласының тұрғыны
Сондай-ақ, барша мұсылман қауымының ұлық мерекесі қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай арнайы Кәсіподақтар атынан қала тұрғындарына ас беріп, құран бағыштады.
Наурызбек Керімбеков – ардагер
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Осылай деген қала әкімі Мұрат Қадірбек көмек қолын созған жандарға алғысын білдірді.
П.Биназарқызы
12.08.2019