САРЫАРҚА ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаровтың басшылығымен өткен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаеваның Қарағанды облысы жастар үкіметтік емес ұйымдарымен кездесуінде «Келешек» Жастар кеңесінің мүшелері еңбеккер жастардың өтініштеріне байланысты өзекті мәселелерді көтерді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің төрағасы Еспенбет Қалшора іс-сапармен Қарағанды облысына келді.

Іс-сапар барысында Еспенбет Қалшора «Қарағанды облысы Кәсіподақ Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының м.а. Абай Сабденовпен және Қарағанды облысы Кәсіподақ Орталығындағы «Келешек» Жастар кеңесінің төрайымы Дария Хамитжановамен кездесті. Кездесу барысында облыстағы жас кәсіподақ мүшелерімен жасалып жатқан жұмыс туралы талқыланды.

Бағдарлама аясында «Келешек» мүшелерінен құралған мобильді топ «Құрылысмет» ЖШС №1 өндірісінің, «Жас Орда» Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттер кәсіподағының мүшелерімен кездесті. Мобильді топ құрамында Еспенбет Қалшора мен Дария Хамитжанованың бастамасымен Сұлтан Медеубаев – «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының Жастар кеңесінің төрағасы, заңгері, Али Абжанов – Қарағанды облысы Кәсіподақ Орталығының еңбекті қорғау бойынша бас маманы, Әлишер Тұрсынбек – «Жас Орда» студенттер кәсіподағының өкілі «Құрылысмет» ЖШС №1 өндірісінің әр цехының жұмысшыларымен Кәсіподақтар Федерациясын жастар саясаты, Татуласу Орталығы туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, мұң-мұқтажы мен ұсыныстарын тыңдады.

«Жас Орда» ҚарМТУ студенттері кәсіподағы мүшелерімен кездесуде төрағасы Ильяс Смайлов және ҚарМТУ Жастар саясаты департаментінің директоры Рустам Бузяков аталған университеттің кәсіподақ тыныс мен жұмыстары туралы таныстырды, сондай-ақ алдағы жоспарларымен бөлісті.