2019 жылғы 26 тамызда ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Б.Әбдірайымның төрағалығымен «Алматы қаласының кәсіподақ орталығы» АКБ Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Ірі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары шақырылды, барлығы 65 адам қатысты.
Бақытжан Жарылқасынұлы 2019 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша өз баяндамасында Федерацияның жаңғырту жол картасын жүзеге асыру қорытындысына тоқталды. Барлық деңгейдегі кәсіподақ ұйымдарының әлеуметтік әріптестіктің қазіргі жүйесін сақтау, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеуді жетілдіру және арттыру бойынша жүйелі жұмыстарының арқасында мемлекеттік органдар, кәсіпорындар басшылары және барлық деңгейдегі кәсіподақ ұйымдары арасында өзара байланыс жүйесінің тұрақты қызметін қамтамасыз етуге қол жеткізілгені айтылды.
Кәсіподақтардың күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі лайықты еңбек шарттарын, соның ішінде лайықты еңбекақыны қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылды.
«Кәсіподақтар федерациясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ең төменгі жәрдемақыны белгілеу үшін көрсеткіштерді анықтау, сондай-ақ, ауыр жұмыста, зиянды және қауіпті еңбек шарттарында жұмыс істейтін жұмысшылардың бірыңғай еңбекақы жүйесін әзірлеу қажеттігі бойынша бастама көтерді».
Қаланың кәсіподақ ұйымдарына Қазақстанның әр кәсіпорындарында әлеуметтік тұрақтылықты қолдау механизмдері мен стандарттарын әзірлеу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатыса отырып, еңбек заңнамасына өндірісте еңбекті қорғауды басқару жүйесінің міндетті болуы (сондай-ақ, жұмыс берушінің Өндірістік кеңестің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды жетілдіруге қатысты ұсыныстарын орындамауы үшін жауапкершілік тартуы туралы) туралы норма ұсынды.
ҚРКФ заңнамалық және құқықтық алаңдағы белсенді жұмысы аталып өтті. Қазақстан Республикасының Жаңа еңбек кодексін қабылдау, 2020-2025 жылдарға арналған «Лайықты еңбек – лайықты өмір» ұлттық бағдарламасын әзірлеу, ХЕҰ конвенцияларын бекіту қажет.
Кәсіподақтар федерациясы, мүше ұйымдардың осы уақыт ішіндегі барлық қызметі кәсіподақ қозғалысын нығайтуға, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбеккерлердің өмір сүру деңгейі мен құқықтық қорғалуын арттыруға бағытталғаны және әлеуметтік әріптестермен сындарлы байланыс негізінде құрылғаны айтылды.
Өткен кезеңде Федерацияның сапалық және сандық құрамы сақталды және көбейді. 40 мың кәсіподақ мүшесінен тұратын 500-ден аса бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы ҚРКФ қызметі туралы қоғамды ақпараттандыру деңгейін арттыру және кәсіподақ имиджін жақсарту үшін ақпараттық жұмысты басты орынға қою қажеттігін атап өтті.
Кәсіподақтар федерациясының жаңғырту жол картасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстарды талдау соңында Б.Әбдірайым кәсіподақтардың белсенді және мақсатты іс-әрекеттерінің арқасында ҚРКФ жаңғырту жол картасында көрсетілген тапсырмалар сәтті жүзеге асырылғанын айтты.
Пікір алмасуға қатысқан салалық және жергілікті кәсіподақтар филиалдарының басшылары ҚРКФ төрағасы Б.Әбдірайымның баяндамасына қолдау білдіре отырып, ҚРКФ және мүше ұйымдар есептік кезеңде ауқымды жұмыстар атқарғанын атады. Олар ҚР Кәсіподақтар федерациясының жаңғырту жол картасында барлық көрсеткіштер сақталғанын атап өтіп, ҚРКФ Бас кеңесі алға қойған мақсаттарды орындауға дайын екендіктерін жеткізді.
Алматы қаласы кәсіподақтарының 2018-2019 жылдарға арналған іс-қимылдар жоспарын анықтаған «Алматы қаласы кәсіподақтарының жаңғырту жол картасын» жүзеге асыру қорытындысы» бойынша «Алматы қаласының кәсіподақ орталығы» АКБ төрайымы З.Өмірбаева сөз сөйледі.
З.Өмірбаева Алматы қаласында әлеуметтік әріптестік аясында «Атамекен» ҰКП және қала әкімдігі, сондай-ақ барлық мемлекеттік құрылымдар арасында өзара тығыз байланыс орнатылғанын айтып өтті.
Қаладағы өзекті мәселелерді, соның ішінде жұмыспен қамту, ұжымдық еңбек шарттарын бекіту, әлеуметтік көмек көрсету және т.б. мәселелерді талқылау бойынша қалалық үшжақты комиссияның барлық отырыстары «Алматы қаласының кәсіподақ орталығы» АКБ базасында өтеді.
Әлеуметтік әріптестіктің айқын үлгісі – автопарктерде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының құрылуы. Олар үшін әлеуметтік-тұрмыстық шарттар жасалды, соның ішінде қоғамдық тамақтандыру және соңғы автобус бекеттерінде қоғамдық дәретханалар ұйымдастырылған. Еңбекақы 200 мың теңгеге дейін артқан. Осылардың барлығы кәсіподақтардың қатысуымен жүзеге асырылды. «YNTYMAQ» салалық кәсіподағының құрамына кіреді.
Алматы қаласы Үйлестіру кеңесінің құрамына кіретін салалық және жергілікті кәсіподақтар филиалдарымен жұмыс жоғары деңгейде жүзеге асырылады. Ірі іс-шараларды, оқыту семинарларын, дөңгелек үстелдерді өткізуге, кәсіподақ мүшелеріне заңды және құқықтық қолдауға қатысты байланысты барлық мәселелер бірлесе шешіледі. Үйлестіру кеңесінің мүшелері аудандық өкілдіктерді басқарады. Бұл олардың өкілдіктерін арттырады және мүше ұйымдардың санын көбейту үшін жаңа мүмкіндіктер береді.
Осы ретте Кәсіподақ орталығы өз аймағымен ғана шектеліп қалмайды. Мәселен, АКБ базасында аймақтық АКБ және салалық кәсіподақтар басшыларының қатысуымен Оңтүстік өңірдің бірлескен отырыстары бірнеше рет өткізілді. Сонымен қатар, Павлодар облысының АКБ өзара тәжірибе алмасу өтті.
Әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында үлкен міндеттер тұр. Атап айтқанда, ұжымдық шарттарды бекіту, жаңа бастауыш ұйымдарын құру, еңбек адамының әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау. «Көптеген мәселелері бар адамдар біздің қолдауымызды қажет етеді. Оларға қамқорлық танытып, мүдделерін қорғау – біздің басты міндетіміз!», – деп атап өтті З.Өмірбаева.
Күн тәртібіне сай «Кәсіподақ күніне дайындық» мәселесі бойынша З.Өмірбаева «Осы жылы Кәсіподақтар күні алғаш рет ресми деңгейде аталып өтпек. ҚР Кәсіподақтар федерациясының белсенді қатысуының арқасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «кәсіподақтар және олардың бірлестіктері рөлінің маңыздылығын мойындау және Қазақстан кәсіподақтар қозғалысының дамуына жаңа леп беру үшін» 10 қазан – Кәсіподақтар күні мерекесі болып бекітілді» деп атап өтті.
Алматы қаласының кәсіподақтары осындай атаулы күнге дайындықты белсенді түрде бастап кетті. «Бірге біз – күшпіз, біз – кәсіподақ! Тұрақтылық, қорғау – біздің қағидамыз!» ұранымен өтетін Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шараны өткізу концепциясы бекітілді.
Мерекені өткізу аясында «Алматы қаласының үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауының қорытындысы шығарылады. Бұл байқау бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыс деңгейін арттыру, кәсіподақ мүшесі болуға ынталандыру, кәсіподақ қатарлары мен оның мәртебесін нығайту мақсатында өткізіледі.
Күн тәртібіне қойылған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешім қабылданды.