ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымның ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

Қадірлі достар!

Баршаңызды еліміз үшін маңызды да мерейлі мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

30 тамыз – Қазақстан халқы тарихи таңдау жасаған ұлы күн. Бүгінгі таңда біз Конституциямыздың арқасында әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақты мемлекетке айналғанымызды мақтанышпен айта аламыз.

Конституция – біздің табысты экономикалық, әлеуметтік және мәдени өсіп-өркендеуіміздің сенімді кепіліне, бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда мемлекеттікті дамыту және нығайтудың берік іргетасын қалаған ірі көлемдегі өзгерістер орын алды, динамикалық экономикалық өсімге негізделген әлеуметтік дамудың тиімді үлгісі әзірленді.

Еліміздің дамуы үшін маңызды шешімдердің жүзеге асырылуы – Еңбек адамдарының ерен еңбегінің нәтижесі. Еңбек адамының денсаулығы мен сапалы білімі, біліктілігі мен тәжірибесі – елiмiздiң баға жетпес негізгі байлығы.

Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, толағай табыс және еліміздің игілігі жолында жетістіктер тілеймін!

 

Құрметпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы

Бақытжан Әбдірайым