ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайымның Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Құрметті мұнай-газ кешенінің ардагерлері мен еңбеккерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан экономикасының негізгі өзегі – мұнайгаз кешені.

Бүгінгі таңда Қазақстанның мұнай-газ саласы – ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан сала.

Сіздердің ерен еңбектеріңіздің, қажыр-қайраттарыңыздың арқасында еліміз өсіп-өркендеп, дамуда.

Кәсіби шеберлік, өндірістік тәжірибе, заманауи технологияларды енгізу – еліміздің көптеген мұнай-газ кәсіпорындарының жетістіктерінің негізі.

Мұнай-газ саласының барлық қызметкерлеріне және ардагерлеріне зор денсаулық, бақыт, сәттілік және елеулі еңбектеріңізде сәттіліктер тілеймін!

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы

Бақытжан Әбдірайым