Атырау қаласында қазақ мұнайының атасы атанған Сафи Өтебаевқа арнап ескерткіш ашылды.
Қазақстан мұнайының 120-жылдық мерейтойы қарсанында ашылып отырған монумент Атырау мұнай және газ университетінің алдындаға алаңда орналасқан.
Шараға Атырау қаласының әкімдігі, Атырау облысының Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов, Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Атырау облыстық ұйымының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, мұнай саласының ардагерлері, университет профессорлары, ұстаздар мен студенттер қатысты.