shymkenttv.kz: “Кәсіподақтарға жүктеліп отырған міндет көп”

30 тамыз – Қазақстан республикасы Конституция күні қарсаңында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің отырысы өтті. Күн тәртібінде кәсіподақ төрағаларына жүктеліп отырған мәселелер мен мемлекеттік банк мекемелері және қызмет көрсету мекемелерінің жай-күйі әңгіме өзегіне айналды.

Кәсіподақ ұйымының бірінші мақсаты – еңбек адамдарының алаңсыз, қауіп-қатерсіз жайлы жұмыс орнында жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Осы жағдайларға байланысты біраз мәселелерді қамтыған аумақтық бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы барлық қызметкерлерді Конституция күнімен құттықтап өтті.

Берік Бекжанов – «Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің төрағасы

  • «Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын!»

Бұдан соң мемлекеттік банк мекемелері кәсіподағы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Шырынбек Ешанқұлов кәсіподақтар федерациясының шешімдерінің орындалу барысы туралы атқарылған жұмыстарға есеп берді.  Есеп барысында кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау бойынша кеңестер өткізу бекітілді. Сонымен қатар мекемелер мен азаматтардың арасында алтын көпір болу керектігі де айтылды.

Шырынбек Ешанқұлов – Мемлекеттік банк мекемелері және қызмет көрсету кәсіподағы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы (Азаматтардың құқығы бұзылған жағдайда, екі жаққа көпір боламыз….)

Жиын соңында бірқатар азаматтарға төсбелгілер мен мақтау қағаздары табысталды.

Өмірхан ЖОЛДАСБЕКОВ                         

 

https://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/kesipodaktarga-zhuktelip-otyrgan-mindet-kop